“Айым-Ай” бөбекжай бақшасы » «Айым-Ай» бөбекжай бақшасы»
«Айым-Ай» бөбекжай бақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:181040023462
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 320-44-42
"Әдіскер:
+7(701) 320-44-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Айым-Ай” бөбекжай бақшасы
13
маусым
2026

“Айым-Ай” бөбекжай бақшасы

“Айым-Ай” бөбекжай бақшасы” 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2018 жыл балабақшаға арнап ыңғайластырылған    
Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-2 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 0.0896 га 
Құрылыс ауданы –329,1 ш/м
Литер А-2 қабатты 139,2кв
ЛитерА1-2 қабатты104,1кв
Литер А2-2 қабатты 85,8 кв
Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар.
Ғимаратта әдістемелік бөлме, саз-әуен залы,  медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – қазақша.
Қуаттылығы – 50, тәрбиеленушілер саны - 25.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.
Балабақшаға 2 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.
Балалар ED-24kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.
2025-2026 оқу жылында балабақшада 2 топ жұмыс жасап жатыр. 
Бүгінгі күнде балабақшада 3 педагог-тәрбиеші, 4 тех.қызметкер жұмыс жасайды. 
Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады. 
        Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 5.  Кіре берісте пандус орнатылған.  Дабыл түймесі орнатылған. Кіре беріс қақпаға   домофон орнатылған. Тактильді жолақша бар.
       Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.

       Ән-күй залының жабдықталуы: проектор, экран, музыкалық орталық.
Дене шынықтыру залы: доптар, үлкен доп, фишка, секртпе, шығыршық, бодментон, теннис, қап, кегли, арқан, ағаш баспалдақ, массаж кілемшесі, төсек пен  жабдықталған.
         Балабақшада ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив